Оқиға
1 мин оқу 354

Алматыдағы лай көшкіні: Оқиға орнына қала әкімі барды

<p style="text-align: justify;">8 ақпан сағат 02:20-да Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Тау Самалы шағынауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай болды. Аталған аумақта лай көшкіні жүріп, 4 адам іздестіріліп жатыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыдағы лай көшкіні: Оқиға орнына қала әкімі барды

Лай көшкіні шағынаудандағы бір үйді толық, екінші үйді ішінара басып қалған. Авариялық-құтқару тобы мекенжай бойынша тұратын 4 адамды іздестіріп жатыр.

Топырақтың лайлануы салдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкен жерге қала әкімі Ерболат Досаев  келді.

«Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеу бойынша  жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», деді Ерболат Досаев.

Лай көшкіні басып қалған баспананың көршілері үйде 4 адамнан тұратын 1 отбасы болғанын айтты.

Әкімнің тапсырмасы бойынша оқиғаның себептерін анықтау және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

Бөлісу: