Түркістан облысында екі баласын өлтірген ана ұсталды
<p style="text-align: justify;">Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері екі баласын өлтірді деген әйелді Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күдіктіні іздеу жұмыстарына облыстық Полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер жұмылдырылды.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.
Еске салайық, 7 ақпанда Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.