Аймақтар
1 мин оқу 155

Түркістан облысындағы азық-түлік дүкенінде жарылыс болды

<p style="text-align: justify;">Оқиға Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында болған. Қалада орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінде қысқа толқынды пешті қосқанда газ жарылған. Екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;kazinform-ға сілтеме жасап.</p>

Түркістан облысындағы азық-түлік дүкенінде жарылыс болды

Жарылыс салдарынан ғимараттың қабырғалары құлап, екі адамның бетін күйік шалған.

«59 жастағы адамның бетін 10-12 пайызға күйік шалған, ал 6 жастағы баланың беті 6-7 пайызға күйген. Екі тұрғын Леңгір қалалық ауруханасына жеткізілді», делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бөлісу:
Түркістан облысындағы азық-түлік дүкенінде жарылыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар