Ауыр атлетика
1 мин оқу 135

Қоржында – қос күміс

<p style="text-align: justify;">Осыдан бірер күн бұрын ғана ауыр атлетикадан Ташкентте шымылдығы түрілген Азия чемпионатында 67 кг салмақта өнер көрсеткен Сайрамкез Ақмолда күміс медальді иеленсе, кеше Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті.</p>

Қоржында –  қос күміс

81 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан Александр Уваров 156 кг-ны жұлқып, 190 кг-ны серпе көтеріп, қоссайыстың қорытындысы бойынша 343 килограмдық көрсеткішпен күміс медальді иеленді. Отандасымыз Сол­түстік Кореяның саңлағы Ри Чонг Сонгтан ғана қалып қойды. Чемпионның нәтижесі – 369 (169+200) кг. Түрікменстанның толағайы Гайгысызу Тораев қола жүлдені иеленді. Оның көрсеткіші – 337 (148+189) кг.

Естеріңізге сала кетейік, Уваров былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында да жеңіс тұғырына көтерілді. Қытай елінде жерлесіміз 348 (154+194) кг-лық зілтемірді еңсеріп, үшінші орынды еншіледі.

Бөлісу:
Қоржында – қос күміс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар