Қоғам
2 мин оқу 194

Ұлттық бірегейліктің басты белгісі

<p style="text-align: justify;">Елордалық зерттеушілер Мемлекет басшысы&shy; Қасым-Жомарт Тоқаев&shy;тың &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетіндегі сұхбатын тал&shy;қы&shy;лау&shy;ға арналған дөң&shy;ге&shy;лек&shy; үс&shy;тел өткізді. &laquo;Жал&shy;пы&shy;&shy;аза&shy;&shy;маттық біре&shy;гей&shy;&shy;лік&shy;тің факторлары мен ком&shy;&shy;поненттері&raquo; тақы&shy;ры&shy;&shy;бындағы жиын&shy;ды ұйым&shy;дас&shy;тыруға Мәде&shy;ниет және ақпарат минис&shy;тр&shy;лігіне қарас&shy;ты Қол&shy;дан&shy;ба&shy;лы этносаяси зерттеу&shy;лер инс&shy;титуты ұйытқы болды.</p>

Ұлттық бірегейліктің басты белгісі

­Іс-шараға «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани, «Жастар» ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Элина Масагутова, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер инс­титуты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, ҚЭЗИ Этносаралық ахуал мониторингі орталығының директоры Гүлдана Оқасова, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты.

– Ұлттық бірегейлік – өте маңызды мәселе. Кей кез­дері оның маңыздылығын сезбей жатамыз. Алайда ол – күнделікті қоғамдағы бейбітшілікті, тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі фактор. Ол ұлттық, діни, кәсібилік тұрғыдан болмасын. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа Жолдауларында, сөйлеген сөздерінде, сұхбаттарында бірнеше рет айтты. Біз көп жағдайда салт-дәстүрлерімізді сақтау, мерекелерді тойлау, ұлттық мәдениет секілді мәселелердің шағын талқылауларда ғана қозғалатынын аңғармаймыз. Ұлттық бірегейлікпен қатар азаматтық бірегейліктің де өзектілігі тіпті әр минут са­йын көрінеді. Біз Қазақстан заңдарымен өмір сүреміз. Тауарлар мен қызметтер үшін ұлттық валютамен есеп айы­рысамыз, жеке басын куәландыратын құжаттармен өзімізді сәйкестендіреміз. Осылайша, жалпыазаматтық бірегейлік біздің күнделікті өмірімізді анықтайды. Жалпы, азаматтық бірегейлік өмірімізді анықтайды. Осы бағыттағы диалог біздің құндылық шкаласын қалыптастыруға өз үлесін қосады, – дейді Талғат Қалиев.

Басқосуда Гүлдана Оқа­сова азаматтық бірегейлік мәсе­лелері бойынша бірнеше жыл бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесімен бөлісті. Оның сөзінше, әртүрлі этникалық топтың, аймақтың, діни конфес­сиялардың өкілдері үшін азаматтық бірегейлік өмірінің маңызды құрамдас бөлігі әрі отандастарымызды біріктіруші бастама. Осы орайда жастарға да арнайы талдау жасалған.

– Зерттеу нәтижелері көр­сеткендей, жастарымыздың көбі қоғамдық-саяси өмірге қатыса бастаған. Осылайша, азаматтық белсенділіктің артқанын байқап отырмыз. Егер 2023 жылы жастардың 25,4%-дан астамы қоғамдық ұйымдарға қатысу тәжірибесіне ие болса, бір жыл бұрын, 2022 жылы бұл көрсеткіш небәрі 14,9% болды. Сонымен қатар жастардың еріктілікке деген қызығушылығы артып келеді. 2022 жылы жастардың тек 3,9%-ы­­ еріктілікпен айналыс­қан, ал 2023 жылы бұл 15,2%-ды­ көрсетті. Байқағанымыз, шетелдік контент жастардың дүниетанымына қатты әсер етеді. Фильмдерді, телехикаяларды көру мәдениетті қалыптастырудың кең таралған түрі ретінде есептелінеді. «Netfliх» шығарған кино­өнімдерді жастардың 37,8%-ы, ал Қазақстанда өндірілгендерді тек 12,3%-ы көреді. Жастардың 16,8%-ы ғана театр­лар мен мұражайларға үнемі барады. Басым көпшілігі, яғни 74,3%-ы әлеуметтік желілерді парақтағанды құп көреді. Алайда олардың төрттен бір бөлігі өз қалауын жаман әдет ретінде қабылдайды, – дейді Айсұлу Ерниязова.

Жиын соңында спикерлер азаматтардың әлеуметтік-саяси үдерістерге қатысу дәрежесін арттыру негізінде және қоғамдық бастамаларды кешенді қолдауда ғылыми-тәжірибелік тәсілдің қажеттілігін айтып, аталған жұмыста ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығын еске салды. 

Бөлісу:
Ұлттық бірегейліктің басты белгісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар