Қылмыс
1 мин оқу 230

Киберқылмыспен күрес

<p style="text-align: justify;">Интернет арқылы алдап-арбау &ndash; бүгінгі қоғам&shy;ның асқынған &laquo;дерті&raquo;. Қулық пен айланың мың тәсілі түрлі жолмен жүзеге асып жатыр. Қол&shy;да бар қар&shy;жысын танымайтын әл&shy;декімдердің әңгі&shy;месіне сеніп, аударып жіберіп, ар&shy;тынша сан соғып қалып жат&shy;қандарды күнделікті кө&shy;ріп те жүр&shy;міз. Әлеу&shy;меттік желі арқылы тауар жарнамалап, &laquo;аспаннан ақша жаудыратындар&raquo; да өріп жүр.</p>

Киберқылмыспен күрес

Абай облыстық Поли­ция департаменті интернет алаяқтардың айла-шар­ғысының алдын алып, олармен күресуге бел­се­не кірісіп отыр. Депар­та­менттің баспасөз қыз­ме­­тінің хабарлауынша, 2023 жылы қаланың 800-ге жуық тұрғыны интер­нет алаяқтардың құр­­баны болған. Қоңырау шал­ған­ның бәрін өзіндей көретін жергілікті «ақкөңіл-аңқау­лар» алаяқтарға 127 млн теңгеден астам қара­жатты қалай аударып жібергенін аңғармай қалған.

Осыған орай 1-12 ақ­пан аралығында Семей қаласында «Стоп алаяқ» жедел алдын алу іс-шара­сы басталды. Бірер күн бұрын қала әкімдігінің ғи­маратында осы іс-шараны іске асыру мәселелері бо­йын­­ша арнайы жиын өтіп, оған шаһар әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қала прокуро­ры Азамат Уәлиев, поли­ция басқармасының басшысы Қайрат Әбдіға­лиев және басқа да қоғам­дық институттардың басшылары мен өкілдері қатысты.

«Өкінішке қарай, ки­бер­қылмыс, соның ішін­де интернет қолдану­шы­лары­ның алаяқтығы жиі­леп кетті. Өңірде 2023 жылы іске қосылған «Ки­бер­пол» қанатқақты жобасы ал­ғашқы нәтижесін бере бас­тады. Бұл бағыттағы қыл­мыс­тық істерді сапалы тергеу үшін арнайы жедел тергеу топта­ры құ­рыл­ды. Олардың көме­гі­мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар бақыланып, 21 веб-сайттағы 23 жалған хабарландыру бұғатталды. Сонымен қатар бұл іс-шара­лар ІІМ-нің киберқылмыс ережелерін, оның ішінде 2025 жылға арналған теле­фон мен интернет алаяқ­­тыққа қарсы күрес бағ­дарламасының ереже­лерін іске асыру аясында өтіп жатыр», дейді Абай облыстық ПД басшысы, полиция генерал-майоры Сұлтан Бектөре.

Бөлісу:
Киберқылмыспен күрес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар