Қазақстанның Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды
<p style="text-align: justify;">Өткен түні Франция астанасы Париж қаласында Ұлттар лигасының 2024-2025 жылғы маусымының жеребесі тартылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жеребе тарту нәтижесінде Қазақстан В лигасының 3-тобына түсті. Ұлттар лигасы аясында ел құрамасы Австрия, Норвегия мен Словениямен кездеседі.
Ұлттар лигасы, В тобы, 3-топ
Австрия
Норвегия
Словения
Топтық кезеңнің матчтары 2024 жылы 5 қыркүйек пен 19 қараша аралығында өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан құрамасы С тобында өнер көрсетті. Топта көш бастап, 13 ұпай еншіледі.
Ұлттар лигасында өз тобында үздік болған құрамалар әлем чемпионатының жолдамасына таласады. Оларға ӘЧ-2026 іріктеуінде екінші орын алған 12 команда қосылады.