Медицина
1 мин оқу 502

Қазақстанда қайта маска тағу міндетті орындар бекітілді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова &laquo;Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы&raquo; қаулыға қол қойып, маска тағу міндетті орындарды бекітті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда қайта маска тағу міндетті орындар бекітілді

Айжан Есмағамбетова қол қойған қаулыда медициналық мекемелерде міндетті маска тағу режиміне өту тапсырылған.

«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің басшылары:

  • медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын;
  • халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін», делінген қаулыда.

Сондай-ақ, бас санитар облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы халық көп жиналатын жерлерде: әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер т.б. және көліктің барлық түрлерінде: қоғамдық көлік, әуе, темір жол қатынастарында медициналық немесе матадан тігілген маска пайдалануды ұсынды.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Бөлісу: