Ауа райы
1 мин оқу 2,184

Қарлы боран қашан басылады? Синоптиктер жауап берді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері алдағы үш күн, дәлірек айтқанда 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарлы боран қашан басылады? Синоптиктер жауап берді

Мамандар ұсынған болжамға қарағанда, апта соңында, яғни, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде аяз түсіп, қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын тоқтайды. Ел аумағына қарлы боран мен екпінді желді әкелген Скандинавиялық циклон біртіндеп қайтса да, бұрқасын әлі де сезіледі.

«Скандинавиялық циклон республикадан тыс жерлерге жылжиды, бірақ елдің басым бөлігінде бұрқасынмен бірге екпінді жел соғып, көктайғақ болады, ал жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды», делінген ақпаратта.

Одан бөлек синоптиктер Қазақстанның солтүстік жартысында температура фоны айтарлықтай төмендеп, түнде 20-28 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін төмендейтінін ескертті.

Бөлісу:
Қарлы боран қашан басылады? Синоптиктер жауап берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар