Табиғат
1 мин оқу 370

«Көктемнің белгісі іспетті». Қаңтарда бәйшешек бүр жарды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Сырдария-Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркіне&raquo; қарасты Боралдай филиалының ерекше қорғалатын табиғи аумағында бір ай бұрын бүр жарған бәйшешекті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков фотоға түсіріп алыпты. Бұл туралы syrdaria_turkestan инстаграм парақшасында &nbsp;хабарланған екен, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Көктемнің белгісі іспетті». Қаңтарда бәйшешек бүр жарды

Мәліметке сәйкес, бәйшешектің бұл түрі – лапыздар тұқымдасына жатады. Қазақстанда сирек кездеседі. Оның өсетін жерлері –  Батыс Тянь-Шань тау етегі, Қаратау аласа тауы, Шу-Іле, Памир таулары. Кессельринг лапызы – сабағы жалғыз, биіктігі 6-10 см болатын көпжылдық өсімдік. Жапырақтары гүлімен бірге өседі, ал ені 1 см-ге дейін болады. Гүлдері – ақ, қоңырау тәріздес болып келеді. Негізінде наурыз-мамыр айлары аралығында гүлдейді.

Бәйшешек қаңтарда гүлдесе де үсімей, тіршілігін жалғастыра береді екен.

Бөлісу:
«Көктемнің белгісі іспетті». Қаңтарда бәйшешек бүр жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар