Қоғам
1 мин оқу 230
Қар көшкіні жүрді
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстанда өздігінен қар көшкіні жүрді. 11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында, облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын ауылы- Самар» автожолының 132-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1300 м3 қар көшкіні түскен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

Төтенше оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Жолды тазарту үшін «Облшығысжол» ЖШС-нан 2 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Бөлісу: