Оқиға
1 мин оқу 835

Маңғыстауда жоғалған екі адам үш күннен соң табылды

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында үш күннен бері хабар-ошарсыз кеткендер табылды. Туыстары жоғалған адамдардың 9 ақпаннан бастап байланысқа шықпағанын айтқан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Маңғыстауда жоғалған екі адам үш күннен соң табылды

Massaget.kz сайтының хабарлауынша, 12 ақпанда сағат 11.00-де Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы органдардың іздестіру-құтқару тобы 9 ақпанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы арқылы Қызылорда облысына автокөлікпен жол жүрген 2 адамды іздестірген. Бүгін, сағат 13:20-да жоғалған адамдар байланысқа шықты.

Жоғалғандардың айтуына қарағанда, көліктері балшыққа батып, тақау маңайдағы бекетке өз беттерінше жеткен. Олар медициналық көмекке жүгінбегендерін қоса айтты.

Бөлісу:
Маңғыстауда жоғалған екі адам үш күннен соң табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар