Оқиға
1 мин оқу 161

Жарақат алғандар бар. Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік соқтығысты (видео)

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматыда үш қоғамдық автобус пен бір жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарақат алғандар бар. Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік соқтығысты (видео)

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 9:00 шамасында болған. 

«13 ақпан күні сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы автобус жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысты. 133-ші автобус инерция салдарынан қатарлас келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан»,  деп хабарлады Полиция департаменті.

Жарақат алғандар бар. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасына байланысты Медеу аудандық Полиция департаменті тергеп-тексеруді бастады.

Бөлісу: