Оқиға
1 мин оқу 200
Астанада мекеме ақшасын казиноға жұмсаған бухгалтер сотталды
<p style="text-align: justify;">Астана қаласының прокуратурасы мекеме иелерін алдап, ақшасын құмар ойындарға салған алаяқ бухгалтерді анықтап, жауапкершілікке тартты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ұсталған әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шетелге тиімді инвестициялар салу туралы жалған ақпарат айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн теңгеден астам қаражатын иемденген. Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казиноға жұмсап ұтылған», деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Мемлекеттік айыптаушы сот алдында сотталушының кінәсін дәлелдеді. Кінәлі 5 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бөлісу: