Өнер
1 мин оқу 560

Майқұдықтағы Мұқағали кеші

<p style="text-align: justify;">Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдас&shy;тырылған &laquo;О, махаб&shy;бат, сен әлі тірі ме едің?&raquo; атты әдеби-сазды кеш өлеңсүйер қа&shy;уым&shy;ды Май&shy;құ&shy;дықтың мәдениет үйіне жинады. Жиында ақын Серік Ақсұң&shy;қарұлы бастаған қаламгерлер өлең оқып, Арқа ән өнерінің көрнекті өкілдері Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерді әуелетті.</p>

Майқұдықтағы Мұқағали кеші

Бүгінде Қарағанды қаласы әкімді­гінің ақындарға деген қамқорлығы ерек болып тұр. Поэзия кештерінің бірінен соң бірінің дүркіреп өтуіне шаһар билігінің шарапаты зор. Осы бір әдеби-сазды кешті ұйымдастыруға да Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалына қолдау көрсетті.

Әдеби-сазды кештің шымылдығын Сәкен театрының актерлері түрді. Ақын үнін аңсап келген көрермен Мұ­қаға­лидың дәуіріне сапар шекті. Мұз­балақ ақынның өлеңдері оқылды, әнде­рі де өзінің сәнімен тебірене орындалды.

Поэзия кешінде Абай атындағы Мем­лекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақ­сұңқарұлы, Қойлыбай Асанов, Қайрат Асқар, Ілияс Мұқай, Ер­ғанат Кеңесбекұлы, Салтанат Сма­ғұлтегі, Сұлтан Дәулетхан, Айнұр Жаппарқұлова секілді ақындар жырдан шашу шашты. Сондай-ақ Ерік Нарын, Әділет Шопен, Кәмшат Хасен, Ерке­бұлан Елеусізұлы сынды жас буын да көрерменді тәнті етті.

Бұдан соң көпшілік студент жас­тардың өнерін тамашалады.

Міне, осылай әр буынды жеке-жеке топтастырып, сахнаға шығару арқылы ұйымдастырушылар Қарағандының әдеби ортасын көрсетті.

Ерекше форматтағы әдеби-сазды кешке облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын қатысты.

Қарағанды облысы 

Бөлісу:
Майқұдықтағы Мұқағали кеші · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар