Оқиға
1 мин оқу 260
«Өзіне оқ атқан». Көкшетауда 1-курс кадеті көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Кеше Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс кадеті көз жұмды. Оқыс оқиға болғанын Қорғаныс министрлігі де растады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, қайтыс болды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы және әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу: