Ауа райы
1 мин оқу 3,690

Алдағы үш күнде аяз күшейеді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 15,16,17 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде аяз күшейеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы үш күнде аяз күшейеді

Болжам бойынша, Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан арктикалық антициклон жылжиды. Циклон бірте-бірте республиканың басым бөлігіне ықпал етіп, ауа райы аязды болады. 15 ақпанда республиканың шығысында, 16 ақпанда оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

«Батыста ауа температурасы түнде 12-30, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 градус аяз, 16 ақпанда шығыста 18-35 градус аяз, оңтүстікте 10-30 градус аяз, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 градус аяз болады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алдағы үш күнде аяз күшейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар