Аймақтар
1 мин оқу 164

Қар құрсауында қалып қойған екі адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысының құтқарушылары қар құрсауында кептеліп қалған автокөлікті шығарып, көмекке зәру болған азаматтарға қол ұшын созды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қар құрсауында қалып қойған екі адам құтқарылды

Құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД Сарыкөл ауданының 23-ӨСБ қызметкерлері, атап айтқанда Тимур Нұғыманов, Игорь Шрайнер және Жәнібек Мәкенов қатысты.

Олар Сарыкөл кентінен Новый кентіне қарай шамамен 40 км жерде кептеліп қалған автокөлікті шығарып, 2 адамды құтқарды.

Қар құрсауынан шығарылғандар тұрғылықты жері Новое ауылына жеткізілді.

л

«Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұраймыз», деп ескертеді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері.

Бөлісу:
Қар құрсауында қалып қойған екі адам құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар