Президент
1 мин оқу 81

Президент Қатардағы ірі компанияның атқарушы директорын Астана халықаралық форумына шақырды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директоры Мансур Ибрагим Әл-Махмудты қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент Қатардағы ірі компанияның атқарушы директорын Астана халықаралық форумына шақырды

Әлемдегі ең ірі дербес қорлардың бірінің басшысы Мансур Ибрагим Әл-Махмудпен кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қаржы саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясы мен «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық екі елдің экономикалық серіктестігінің қозғаушы күші бола алатынын атап өтті.

Мансур Ибрагим Әл-Махмуд Қазақстанның қаржы нарығына шығу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені өнімдерін терең өңдеуге қатысты жобаларды жүзеге асыру жоспары жөнінде айтты.

Бұдан бөлек, кездесуде «Астана» халықаралық қаржы орталығында қазақ-қатар тікелей инвестициялар қорын құру мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директорын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Бөлісу:
Президент Қатардағы ірі компанияның атқарушы директорын Астана халықаралық форумына шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар