Саясат
1 мин оқу 160

Қазақстан-Литва: Еларалық құқықтық көмек

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы заңды талқылады.</p>

Қазақстан-Литва: Еларалық құқықтық көмек

Заңның мақсаты – екі елдің Азамат­тық, отбасылық және қылмыстық істер бо­йынша құқықтық көмек және құқық­тық қатынастар туралы шартының ережелерін жетілдіру. Сенаторлардың айтуын­ша, заң қабылданғанда әлеумет­тік-эко­номикалық және құқықтық теріс сал­дары болмайды, сондай-ақ республи­калық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды Палата­ның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Қазақстан-Литва: Еларалық құқықтық көмек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар