Тарих
2 мин оқу 1,650

Комбайншы қыз

<p style="text-align: justify;">Өткен ғасырдың 40-жылдарында арнайы Қазақстанға келген Уиллиям және Зелда Коутестер бірігіп жазған кітабында бұрын жарияланбаған комбайыншы қазақ қызының суретін жария етеді. Суреттің астында &laquo;Қызыл комбинат&raquo; кеңшарындағы қазақ әйелі Құдияш Әбнимасова&raquo; деген ағылшынша түсіндірме берілген.</p>

Комбайншы қыз

Содан соң кітаптың келесі бет­терін­де Қазақстанның сол кез­дегі ауыл шаруашылығы, өнді­рісі туралы ақпараттар бар. «Кейінгі он жыл ішінде Қазақ­стан­ның оңтүстігінде тамақ өнді­ре­тін көптеген зауыт бой көтер­ді» дей келе, Қазақ елінде сол кезде бес қант, төрт спирт, он консерві, үш крахмал зауыты бар екенін айтады. Ал осы уақыт­та ауқымды индустрияландыру­дың нәтижесінде Қазақстандағы өнер­кәсіп саласындағы жұмысшы­лардың саны 1920 жылғы жиырма мыңнан 1945 жылдың басында шамамен 1 миллионға дейін өскенін ерекше атап өтеді.

Батыс ғалымдарының нені зерттесе де, жеріне жеткізе зерттейтін ерекшелігіне сүйінбей тұра алмайсыз. Олар үшін аз халықтардың даму­ға ұмтылысы, өмірге көзқара­сы, ынтасы, реформаларға деген құл­шынысы – зерттеулерінің маңыз­ды тірегі. Авторлар жайдан-жай қазақ комбайыншы қызының суретін кірістірмейді, сол уақытта ел­дегі өндіріс жағдайы қалай бол­ғанынан да ауқымды деректер бере­ді. «1938 жылы Қазақстанда 191 кеңшар, 363 машина-трактор стан­сасы,   25 646 трактор, 9 522 ком­байн болды. Ал 1947 жыға қарай 254 кеңшар мен 670 ұжымшар болды, егістіктерде 12 мың комбайн, ондаған мың трактор жұмыс істеп тұрды» деген мәліметтерді оқырманға ұсынады.

Біз «Тарих – айна» деген сөзді көп айтамыз. Әрине, тасқа басылған тарих өшпек емес. Керісінше, күн санап құндылығы арта бере­ді. Британиялық қос ғалымның кітабына енген комбайншы қыздың бұл суреті бізге ХХ ғасыр­дағы қазақ әйелінің шынайы бейне­сін, қайсар рухын, өмірге деген құштарлығын көрсетіп тұрғандай.

Вашингтон 

Бөлісу:
Комбайншы қыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар