Абай облысында 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды
<p style="text-align: justify;">Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысының Көкпекті ауданында жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді. Осыған байланысты 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Жолда қалған автокөліктердің жалпы саны 100 жеңіл, 15 жүк және 1 автобус.
Қазіргі уақытта бұл көліктер бағанда, қардың өтуіне және нөлдік көрінуіне байланысты қозғалысты жалғастыра алмай тұр.
Кептеліс орнына облыстың ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
«Өңір құтқарушылары Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Медициналық көмекке жүгінгендер болған жоқ. Семей қаласынан 25 адам мен өтімділігі жоғары техникадан тұратын қосымша күштер мен құралдар жіберілді», делінген министрлік хабарламасында.