Қазақстан
1 мин оқу 393

Жыл басынан бері 1,3 мыңнан астам қандас елге оралды

<p style="text-align: justify;">2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1&nbsp;306 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 129,6 мың этникалық қазақ оралды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Жыл басынан бері 1,3 мыңнан астам қандас елге оралды

Жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,9%) Қытайдан, 29,6% –Өзбекстаннан, 8,3% – Моңғолиядан, 4,4% – Ресейден, 7,3% - Түрікменстаннан және 1,5% басқа елдерден қоныс аударған.

2024 жылдың екі айында еңбекке қабілетті этникалық қоныс аударушылар саны 56,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,6%-ды және зейнеткерлер 10,2%-ды құраған.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15%-ы жоғары білімді, 20,2%-ы орта кәсіби білімді, 54,6%-ы жалпы орта білімді, және 10,2%-ының білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

«Қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Олар: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 332 қандас қоныс аударды», делінген ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, жоғары аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 35 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, тұрақты жұмыс орны ұсынылды.

Бөлісу:
Жыл басынан бері 1,3 мыңнан астам қандас елге оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар