Ресейдің әйгілі боксшысы өмірін күрт өзгерткен қазақтың есімін атады
<p style="text-align: justify;">Ресей боксшысы Костя Цзю Қазақстанның атақты боксшысы оның өмірін күрт өзгерткенін мойындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://vesti.kz/">Vesti.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

К.Цзюдің сөзін Tofight.ru: «Ата-анам соның арқасында мені боксқа баулыған. Ол - Серік Қонақбаев. Ол қазақтың былғары қолғап шебері, оны көрген анам менің де боксшы болғанымды қалады», деп берген.
54 жастағы Костя Цзю бірінші жартылай орта салмақта кәсіпқой бокста WBC/WBA/IBF тұжырымы бойынша абсолют чемпион болған. Оның есімі Халықаралық бокс даңқы залына жазылған.
64 жастағы Серік Қонақбаев – Мәскеуде өткен 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының да күміс иегері, екі дүркін Әлем кубогінің жеңімпазы және Еуропаның екі дүркін чемпионы.