Ауа райы
1 мин оқу 1,620

Қатты аяз алдағы үш күн бойы сақталады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері&nbsp;17, 18, 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Олардың мәліметінше елімізде аяз әлі де сақталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қатты аяз алдағы үш күн бойы сақталады

Синоптиктердің айтуынша елдегі ауа райына арктикалық антициклон әсер етеді. Аяз сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында 17 ақпанда атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауады, таулы аймақтарда – қалың қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Республиканың солтүстік және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 30-38, күндіз 20-28. Республиканың оңтүстік-шығысында түнде 15-25, тауларда 30-35 градус, күндіз 10-25 градус аязға дейін төмендейді.

Бөлісу:
Қатты аяз алдағы үш күн бойы сақталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар