Оқиға
1 мин оқу 140
Атырауда терроризмді насихаттаған 17 жастағы күдікті ұсталды
<p style="text-align: justify;">ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен 15 ақпанда әлеуметтік желіде терроризмді насихаттады деген күдікпен Атыраудың 17 жастағы тұрғыны ұсталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күдіктінің үйін тінту кезінде тергеу негізіне сай келетін материалдар табылды.
Ұсталған атыраулық азамат өткен жылы ұқсас қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелген. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырып келген.
Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
ҰҚК террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталатынын ескертті.
Бөлісу: