Қоғам
1 мин оқу 290

«Әлі де аяз қысады». Вице-министр үндеу жасады

<p style="text-align: justify;">Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулерге орай Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев үндеу жариялады, деп жазады&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ведомствоның&nbsp; баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Әлі де аяз қысады». Вице-министр үндеу жасады

16 ақпан күні таңғы сағат 7-дегі жағдай бойынша еліміздің 16 өңіріндегі автожолдардың 100 учаскесінде шектеу шаралары енгізілген еді.

«Ауа температурасының –350 С дейін төмендеуіне байланысты 80 учаскеде дизельді автокөлік құралдарының қатып қалуын болдырмау үшін тиісті шектеулер енгізілді. Сонымен бірге қалған 20 учаскеде шектеу шараларын енгізудің басты себебі – көршілес өңірлердегі ауа-райы, боран және қар көшкіні қаупі болды. Қолайсыз ауа райына байланысты отандастарды арнайы қызметтерден келетін хабарламаларға назар аударып, мұқият болуға шақырамыз.

Синоптиктердің болжамы бойынша жақын күндері температураның –35, –400С-ке дейін төмендеуі күтілуде. Республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулер әлі де сақталады»,  деді вице-министр. 

Кешкі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша республикалық жолдардағы 28 учаскеде шектеу шаралары сақталған. Жолдардағы жұмысқа 700-ге жуық техника мен 1500-ден астам адам тартылған.

Сәтжан Аблалиев  мамандар ауа райының қолайсыздығына қарамастан күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. 

Бөлісу:
«Әлі де аяз қысады». Вице-министр үндеу жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар