Төтенше жағдай
1 мин оқу 242
Семейде балабақша өртке оранды
<p>Бүгін кешкі сағат 17.37-де Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті 101 пультіне оқыс оқиға орын алғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a> </p>

Семей қаласындағы Павлов көшесінде орын тепкен балабақшада өрт шыққан.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін балабақшаның 2 қабатын ашық жалын шарпығанын анықтады.
- Өрт сағат 18.05-те оқшауланды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп жазды ТЖД баспасөз қызметінен.
Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 бірлік техника жұмыс істеді.
Бөлісу: