Әлем
1 мин оқу 270

Ауғанстан мәселесі: Бірлескен жұмыс қажет

<p style="text-align: justify;">Бішкекте Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің Ауғанстан мәселесі бойынша алтыншы өңірлік диалогі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.</p>

Ауғанстан мәселесі: Бірлескен жұмыс қажет

Іс-шараға қатысушылар Ауғанстан­дағы жағдайдың дамуы және оның өңір­лік қауіпсіздікке әсері жөнінде пікір алмасты.

Ғизат Нұрдәулетов Ауған аумағындағы жағдайды айқындайтын бірқатар факторды атап өтті. Осы ретте негізгі қауіп бұрынғыша терроризм мен экстремизмнің, заңсыз есірткі айналымының таралуына, қару-жарақ сатуға және заңсыз көші-қонға байланысты болып отыр.

Трансшекаралық суды пайдалану мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы осы қауіп-қатерлерді барынша азайту үшін Ауғанстандағы жағдайды, оның ішінде әлеу­меттік-экономикалық жағдайды тұрақ­тандыру ісіне көмектесуге бағыт­талған бірлескен жұмыс қажет екенін айтты.

Бөлісу:
Ауғанстан мәселесі: Бірлескен жұмыс қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар