Спорт
1 мин оқу 310

Пара дзюдо: Бес медаль бұйырды

<p style="text-align: justify;">Пара дзюдодан Германияның Гейдельберг қаласында өткен &nbsp;Grand Prix турнирінде еліміздің балуандары&nbsp; бес медаль иеленді,&nbsp; деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Пара дзюдо: Бес медаль бұйырды

48 кило салмақ дәрежесінде күрескен (J2 санаты) Ақмарал Науатбек қарсыластарын айқын ұтып,  чемпион атанды. J2 санатында 70 килодан жоғары салмақта белдесуге түскен  Зарина Раифова да алтын медаль иеленді. 70 кг салмақ  дәрежесінде  Аяла Мереке (J2 санаты) қола медаль  еншіледі. Ол гран-при додасына алғаш рет қатысып, олжалы оралды.

Ерлер додасында Ерғали Шәмей (J1 санаты) 73 кг салмақта және J2 санатында  аса ауыр салмақта сынға түскен  Жұқамырза Шүкірбеков қола медальді місе тұтты.

Бөлісу:
Пара дзюдо: Бес медаль бұйырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар