Мәдениет
1 мин оқу 700

Өзбекстан Жалаңтөс батыр туралы фильм түсірді

<p style="text-align: justify;">Өзбек кинематографистері Самарқан әмірі, Регистанды құрған атақты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрге арнап тарихи көркем фильм түсірді. Премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңына жоспарланған екен. O&rsquo;zbekkino фильмнің трейлерін жария етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; <a href="https://kaz.inform.kz/news/ozbekstan-zhalantos-baadur-turali-tarihi-film-tusrd-a88abb/">kaz.inform.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Өзбекстан Жалаңтөс батыр туралы фильм түсірді

Джахангир Ахмедов түсірген «Амир Баҳодир Ялангтўш» фильміндегі шайқас көріністеріне Қазақстанның Nomad Stants каскадерлар тобы қатысқан. 

Айта кетсек, аталған команда Халықаралық каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығының иегері.

Команда көптеген голливудтық фильмдердің шайқас сахналарында жұмыс істеген, олардың соңғысы — режиссер және продюсер Ридли Скоттың «Наполеон» фильмі.

Фильмде өзбек актерлерімен бірге Қазақстан мен Қырғызстанның кино жұлдыздары да рөлдерді сомдаған.

Бөлісу:
Өзбекстан Жалаңтөс батыр туралы фильм түсірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар