Спорт
1 мин оқу 140

Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды. Ұлттық құрама қоржынына тағы 3 медаль түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды

Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрді бағындырып, чемпион атанды. Былтырғы Астанадағы бәсекеде бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алған. Елизавета ол кезде 2-орыннан көрінген еді.

Ал 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге 2-болып жетті. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған.

Сондай-ақ үш қарқып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлдеге ие болды.

Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Тегерандағы чемпионат 19 ақпанда мәресіне жетеді.

Бөлісу:
Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар