Үлбі өзенін ластаған ірі компания 50 млн теңге айыппұл арқалады
<p style="text-align: justify;">Үлбі өзенінің ластануына байланысты тергеу ісі аяқталды. Тексеру нәтижесінде «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне 50 млн теңге айыппұл салынды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінен алынған су сынамасында марганец көрсеткіші 4,5 есе артық болғаны анықталды.
«Аймақта тау-кен өндірісін жүргізетін компания тазарту жұмыстарын тиімді жүргізбеу себебінен Үлбі өзеніне көптеген өндірістік қалдық-ағындар жіберілген. Аталған факт негізінде «Қазцинк» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Дәлелді, қорытындылар негізінде «Қазцинк» ЖШС-не 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің хабарламасында.