Ауа райы
1 мин оқу 34,810

Аяз қайтып, күн жылына ма? Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аяз қайтып, күн жылына ма? Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

Мамандардың айтуынша, арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа райын ұстап тұр. Алайда оңтүстік циклонға байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ таулы аймақтарда қалың қар жауады, ал елдің оңтүстік-шығысында аяздың беті қайтады.

Бұл ретте ауа температурасы батыста – түнде 10-25 градус, күндіз 5-15 градус аязға дейін, республиканың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы түнде 28-38, күндіз 15-23 аяз, шығыс өңірлерде түнде 32-45, күндіз 20-32 аяз, республиканың оңтүстік-шығысында температура түнде 15-25, күндіз 0-13 аязға дейін біртіндеп көтеріледі.

Бөлісу:
Аяз қайтып, күн жылына ма? Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар