«Майқайыңалтын» кен орны жұмысын тоқтатты
<p style="text-align: justify;">Бүгіннен, яғни 19 ақпаннан бастап «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты. Бұған қордағы алтын рудасының таусылғаны себеп болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://qazaqstan.tv/news/189401/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Qazaqstan.tv</a>-ге сілтеме жасап.</p>

Ал алдағы алты жылға дайындалған 1 млн тоннадан астам шикізат жердің астында жатыр. Әзірге оны шығаруға рұқсат жоқ. Себебі, қаңтардың 3-нен 4-не қараған түнгі апаттан соң, шахталарда жұмыс істеуге тыйым салынған еді.
«Кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында. Енді оларға фабрика ішіндегі мамандар қосылды. Жұмыссыз қалғандардың жалпы саны – 1100 адам. Олардың ары қарайғы тағдыры не болары осы 1-2 күнде шешіледі», деді кәсіпорынның бас директорының кеңесшісі Орынжан Қабдолов.
Еске сала кетейік, жыл басында фабрика аумағында топырақтың опырылуынан пайда болған шұңқырға 4 адамы бар автобус құлаған еді. Екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды. Тағы екі адам әлі іздестіріліп жатыр.