Аймақтар
1 мин оқу 203

Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының өрт сөндіруші қызметкерлері өртеніп жатқан көпқабатты үйден 17 адамды құтқарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19-нан 20 ақпанға қараған түні мегаполистің Бостандық ауданындағы Өтепова көшесіндегі 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер 17 азаматты эвакуациялады. Өрт шамамен бір сағатта сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында 35 адам, 11 техника жұмылдырылып, қалалық төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеді.

Бөлісу:
Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар