Үкімет
1 мин оқу 160

Үкіметте көктемгі су тасқынының алдын алу шарасы пысықталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елімізде көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды Үкімет отырысында баяндады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үкіметте көктемгі су тасқынының алдын алу шарасы пысықталды

Министрдің сөзінше, қазір республикада су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша шаралар қабылданған. Осы бағытта «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілген.

Сондай-ақ Шыңғыс Әрінов су тасқыны бола қалған жағдайда халықты құлақтандыру, зардап шеккендерді жинау пункттері дайындалғанын айтты.

«Бұдан бөлек, елді мекендерде уақытша бөгендер салу (114 км), арықтарды, каналдарды (1 904 км), сондай-ақ авто және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазарту (5 002 дана) нақты түрде жүзеге асырылды. Елді мекендерден 10,5 млн текше метрден астам қар шығарылды», деді Төтенше жағдайлар министрі.

Бөлісу:
Үкіметте көктемгі су тасқынының алдын алу шарасы пысықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар