Қоғам
1 мин оқу 6,350

Туған әкесі, туыстары табылған: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Америкада тұрмысқа шықты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Шетелдегі қазақ балалары&raquo; жобасының авторы әрі жүргізушісі Жанар Байсемізова шетелдіктер асырап алған қазақ қызы&nbsp;Джулиананың америкалық азаматқа тұрмысқа шығып жатқанын сүйіншілей хабарлады. Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Туған әкесі, туыстары табылған: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Америкада тұрмысқа шықты

Жанар Байсемізова Джулиананың шетелдегі анасымен әрдайым хат-хабар алмасып тұратынын да айтқан.

Ал елден Джулиананың туған әкесі, туыстары табылған.

«Біздің сұлу қызымыз тұрмысқа шықты! Дәл қазір Америкадан жеткен сүйінші хабар. Джулиананы бәріңіз @sheteldegi_qazaq_balalary білесіздер. Асырап алған анасы @susan.elko.harris қуанып, суреттерін жіберіп жатыр. Күйеу баламыз Джулиана десе ішкен асын жерге қоятын тамаша жігіт екен. Бұған дейін сұлу қызымыздың туған әкесі, ағайын-туысы, ата-әжесі табылғанын хабарлаған едім. Джулиананың бағы ашылсын», деп жазды Жанар Байсемізова.
 
Желі қолданушылары жазба соңында шетелдіктер асырап алған қазақ қызына бақыт тілеп жарыса жазып жатыр.
 
Бөлісу: