Аймақтар
1 мин оқу 370

Әзілқой балалардың ата-аналары айыппұл арқалады

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 112 нөміріне қоңырау шалып, көмекке мұқтаж екенін хабарлаған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әзілқой балалардың ата-аналары айыппұл арқалады

Жаңылыстыру үшін қоңырау шалған балалар: «Біз Ақтөбе қаласындамыз» деп жалған ақпарат таратқан.

Полицейлермен әңгімелесу барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін әзіл ретінде құтқару қызметіне қоңырау шалғанын айтты.

Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы «Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру, 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Осылайша әзілқой балалардың ата-аналары айыппұл арқалап отыр.

Бөлісу: