Республикалық маңызы бар 7 жол бөлігі жабылды
<p style="text-align: justify;">Бүгін ауа райы қолайсыздығына байланысты 5 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.</p>

Абай облысы - жалпы ұзындығы 1084 км 3 автожол (-40 градусқа дейін аяз күшейіп тұр):
- «Таскескен-Бақты» - Таскескен ауылы-Бақты ауылы;
- «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» Қарағанды облысының шекарасы-Боғас;
- «Семей-Қайнар» Семей қаласы-Қайнар ауылы.
Жамбыл облысы - жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (ауа-райының төмендеуі):
- «Алматы - Ташкент-Термез» Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).
Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 103 км 1 автожол (Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты):
- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарқаралы-Абай облысының шекарасы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).
Қостанай облысы - жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):
- «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы-Арқалық қ. (барлық көлік түрлері).
Ұлытау облысы - жалпы ұзындығы 115 км 1 автожол (боран, жел, ауа райының төмендеуі):
- «Жезқазған-Петропавл» – Қостанай облысы-Ұлытау ауылы (барлық көлік түрі), Жезді-б.-Ұлытау ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).
Осы уақытта автожолдарда 710 бірлік техника және 1432 адам жұмыс істеп жатыр.