Астанадағы дәмханалардың бірінде есірткі сатылып келген
<p style="text-align: justify;">Астана полицейлері қаладағы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан.
- «Тосқауыл» ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ақпаратта.