Қоғам
1 мин оқу 130
Мас күйінде көлік жүргізген шетел азаматы қамалды
<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласында көлікті мас күйінде жүргізген Израиль азаматы ұсталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Айта кетсек, шетел азаматының Қазақстанда тұруға рұқсаты бар екені анықталды.
«Жүргізуші Павлодарға «Rally-2024» спорттық шоуына қатысу үшін келген. Ол мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жазаланады. Сот шешімімен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды», делінген ақпаратта.
Бөлісу: