Ауа райы
1 мин оқу 6,910

-40°С: Синоптиктер қатты аяз болатын өңірлерді атады

<div class="description" style="text-align: justify;">Қазақстан синоптиктері сәрсенбі, 21 ақпанға арналған ауа райы болжаным ұсынды. Мамандар ел азаматтарына қатты аяз, бұрқасын, тұман болатынын ескертті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

-40°С: Синоптиктер қатты аяз болатын өңірлерді атады

«Қазгидромет» мамандары ұсынған болжамға сәйкес, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар жаууы мүмкін.

«Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел соғады. Ел бойынша тұман түседі», делінген ақпаратта.

Ал Қарағанды ​​облысының тұрғындары әлі де жылы киінгендері абзал, себебі өңірде -35°С-қа дейін қатты аяз күтіледі, облыстың шығысында термометр бағамы -40°С аязға дейін жетеді.

Жетісу облысында -30-35°С, Абай ауданында -40°С, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С өте қатты аяз болады.

Бөлісу: