Қоғам
2 мин оқу 270

Қоғам дертін қозғаған...

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада сатирик қаламгер Қанағат Әбілқайырдың &laquo;Періштелер жоқ жерде&raquo; атты кітабының таныстырылымы өтті.</p>

Қоғам дертін қозғаған...

Бұған дейін оқырманға бірнеше жинақ тарту еткен жазушының жаңа кітабы «Фо­лиант» баспасынан жа­рық көрген. Шығарманың не­­гіз­гі арқауы қоғам дер­тіне айналған жемқорлық та­қы­рыбына арналған.

Кеш тізгінін ұстаған Пар­ламент Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан қаламгер шығармашылығына тоқталып, оның сатира жанрында өнімді еңбек етіп жүргенін жеткізді.

«Сатира – қиын да күрделі жанр. Сондықтан оған қалам тербейтіндер сирек. Мә­се­лен, Қазақ әдебиетінде са­ти­­ралық роман жазған Садық­бек Адамбековтен бас­тап Ос­панхан Әубәкіров, Шона Смаханұлы, Сейіт Кен­жех­мет­ұлы, Көпен Әмір­бек, Үм­бетбай Уайдин секілді ар­дақты ағаларымыз осы жанрды бір биікке көтерді. Осы сатира саңлақтарының жолын сәтті жалғаған қаламгердің бірі – Қанағат Әбілқайыр. Оның әр шығар­масын оқырмандар іздеп жүріп оқиды. Бүгінгі тұсауы кесілген жинағында қоғамның келеңсіз көріністері көркем бейнеленген», деді ол.

Одан кейін сөз алған Бе­рік Садыр, Бауыржан Ба­ба­жанұлы, Дәулеткерей Кәп­ұлы және тағы басқа да қа­ламгерлер автордың туындысы туралы ой-пікірлерін ортаға салып, ізгі лебіздерін білдірді.

Белгілі сыншы, Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының лауреаты Амангелді Кеңшілік сатиралық жанрда көркем шығарма жазу екі суреткердің бірінің қолынан келмейтінін тілге тиек етті.

«Менің ұғымымда әде­биет деген білім, ізденіс қана емес, ол – тазалық, адам­­гершілік, парасаттылық. Міне, осы үш қасиет Қанағат­тың бойында бар. Өзім оның туындыларын үзбей оқимын. Проза жазу оңай емес. Со­ның ішінде оқырманды күлдіретін сарказммен жазу қиын. Бірақ сол қиындықтан қорықпаған қа­ламгердің шы­ғармалары шынайы, шын­шыл жазылған», деді сын­шы.

Кеш соңында Қана­ғат Әбіл­­қайыр өз шығармашы­лы­ғы туралы аз-кем сөз қозғап, жи­­налғандарға ризашылығын біл­дірді.

Бөлісу:
Қоғам дертін қозғаған... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар