Қарағанды облысында бірнеше ауыл карантинге жабылды
<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысында бірден төрт елді мекен карантинге жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.</p>

Жылқылар арасында эпизоотиялық лимфангит тарағаны белгілі болды. Үміткер ауылының тұрғындары мәселені былтыр көктемде айтқан болатын. Кейіннен індет Ұлға, Төрткөл, Ынталы ауылдарындағы малдан анықталды. Ол кезде 180-нен астам мал өлген.
«Зертханалық қорытынды бойынша, бұл эпизоотиялық лимфангит екені дәлелденді. Бұл ауруға қарсы вакцина биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жасалған. Препарат зертханалық тексеруден өткен. Бұл вакцинамен сау малды егетін боламыз», дейді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.