Тайландпен шекаралас аймақта 100 ел азаматы құлдықта жүр - СІМ
<p style="text-align: justify;">Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр кейінгі 2 жылда Тайландпен шекаралас елдерде 200 отандасымыз құлдықта болғанын айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Олардың басым бөлігі еңбек құлдығына жегілген. Бүгінгі күні 28 азамат елшіліктің көмегімен Қазақстанға оралса, 60-қа жуық адам өз бетімен құлдықтан құтылған.
«Соңғы 2 жылда Тайландпен шекаралас Мьянма және Лаос аумақтарында 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскені мәлім болды. Олардың тең жартысының бастары азат етілді. Қазір бізде бар ақпаратқа сәйкес, аталған елдер аумағында 100-ге жуық Қазақстан азаматы құлдықта отыр», деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.