Бокс
1 мин оқу 165

Аман атажұрқа оралды

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанда туып-өскен танымал бокс&shy;шы Аман Қонысбеков атажұртқа қоныс аударып, алдағы дүбірлі додаларда өзінің тарихи отанының намысын қорғауға бел буды.</p>

Аман атажұрқа оралды

Науаи облысының Зафарабад ауылында дүниеге келген 19 жастағы қандасымыздың елішілік және халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері деген атағы бар. Былтыр қараша айында ұйымдастырылған Өзбекстан біріншілігінде 71 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Қонысбеков қола медальды мойнына ілді.

Аман Астанаға көшіп келгенімен респуб­ликалық деңгейдегі жарыстарда Түркістан облысының атынан сынға түседі. Бүгінде ол елдің ұлттық құрамасымен бірге Ала­тау баурайында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бөлісу:
Аман атажұрқа оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар