Алматы
2 мин оқу 160

Сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы құрылады

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы әкімдігінде екі бірдей жаңа басқарма құрылады. Аталған бастама азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жайлы қалалық ортаны сапалы дамыту саласында тиімді реттеуді қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.</p>

Сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы құрылады

Қалалық мәслихат кезектен тыс XIV сессия барысында сейс­микалық қауіпсіздік және жұ­мыл­дыру дайындығы басқар­ма­сын, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасын құруды бекітті.

 Бірінші басқарманың негізгі міндеті – сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қам­тамасыз ету, жер сілкінісі қаупін басқару, табиғи апаттар ке­зінде қалай әрекет етудің базалық дағ­дыларын үйретуді ұйымдастыру, сондай-ақ ТЖ департаменттерін, полицияны, қалалық қызметтерді және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ұйымдарды үйлестіру.

«Аталған басқарманың жұ­мысы сейсмоаудит жүргізуге, та­биғи және техногендік сипаттағы төтен­ше жағдайлардың туындау қаупін мониторингтеудің бір­ыңғай жүйесін әзірлеуге, сон­дай-ақ азаматтық қорғану, жұмыл­дыру дайындығы саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Алматы қаласы әкімі аппа­ра­тының басшысы Бейбіт Шаха­нов депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, сейс­ми­калық қауіпсіздік және жұ­мыл­дыру да­йындығы бас­қармасы іс-ша­ра­лардың алдын алу және жүзеге асыру мәсе­лелерімен айналысатын бо­лады, соның бірі – сейс­мо­аудит жүргізу. Бейбіт Ша­­ха­нов осы жылдың со­ңына дейін аяқ­талатын сейсмо­аудит­тің нәти­желері бойынша Алма­ты қала­сында сейсмикалық қа­­уіп­сіздікті қамтамасыз ету жө­­нінде кешенді шаралар қа­былдау жос­парланып отыр­ғанын атап өтті.

«Алматы қаласын дамыту ба­ғ­дарламасының негізгі ба­ғыт­тарының бірі жайлы қала­лық ортаны қалыптастыру, қоғам­дық кеңістіктерді жаңғырту, салу және абаттандыру тұжырым­дамаларын әзірлеу бөлігінде қала басқармалары мен аудан әкім­діктерінің жұмысын үйлес­тіретін болады», деді Бейбіт Шаханов.

Жауаптылардың айтуынша, жаңа басқармаларды құру штат санын көбейтуді көзде­мейді, өйткені олар аудан­дық әкімдіктердің басқа басқар­малары мен аппараттарын оң­тай­ландыру есебінен құрылады және қосымша бюджет қаржысы бөлінбейді.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы құрылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар