Сараптама
2 мин оқу 206

Сарапшылар даму жоспарына неге қарсы?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ашық НҚА&raquo; порталында жарияланған Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жобасы Президент қойған мақсатқа сәйкес келмейді&raquo;. &laquo;Парасат&raquo; кәсіпкерлер альянсы, &laquo;Байтақ&raquo; және &laquo;Қазақстан халық партиясы&raquo; өкілдері осылай дейді. Құрамына Сенат пен Мәжілістің 15 депутаты кіретін альянс үйлестіру кеңесі өкілдері жоспардың баламалы нұсқасының тұжырымдамасын ұсынды.</p>

Сарапшылар даму жоспарына неге қарсы?

«Ұлт жоспарында мемлекет көтерген мәселелердің ше­­шімі жоқ. Мәселен, қуатты ин­дус­триялық база құру және эко­­номиканы еселеу. Жалпы, Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда жаңа экономикалық бағытты айтып отыр. Өкінішке қарай, біз оны жоспардан көре алмадық. Бизнес пен Үкіметтің өзара әрекеттесуі сияқты мәселелер де нақты көрсетілмеген. Жос­пар­дың өзі осы айдың 5-і күні ғана талқылауға шықты. Ол 19 ақпанға дейін жалғасты. Бұл – тым қысқа уақыт. Тағы бір уәж, құжат қоғам мен биз­нес­тің қатысуынсыз әзір­ленді. Сөй­тіп, маңызды құжатты да­йындау ісінде әлі де ескі тә­сіл­дер жалғасып жатыр», дей­ді «Парасат» кәсіпкерлер альян­­сы басқарма төрағасы және «Қазхимөнеркәсіп» АҚ төрағасы Олег Пак.

Айтуынша, елдегі ресурс­тар­ға не­гізделген экономика мәсе­лесін шешу де жос­парда қа­растырылмаған. Ши­кі­зат экспортын екі есе ұлғай­ту ар­­қылы экономиканы есе­леп көтеру мүмкін емес. Сон­дықтан мұны «экспортқа бағытталған, қосылған құны жоғары өнім өндіру» арқылы жү­зеге асыру керек дейді. Жиында Үйлестіру ке­ңесінің мүше­лері даму жос­парының өз­дері дайындаған нұс­қасын қабыл­дап, Үкіметке ұсынуға уәде берді.

«Транспарент тариф» қа­уым­­­дастығының төрағасы Петр Своик биыл елі­мізде нақты ұлттық және инфра­құ­­­рылымдық жоспардың жоқ­­­тығын, ал бұрынғы Үкі­мет әзірлеген жобалар па­ке­ті кү­­шін жойғанын айтты. Ол жаңа ұлттық жоспарды «сту­дент­тік эссе» деп атады. Са­рап­шы Мемлекет басшы­сы­ның ел жағдайын жақ­сар­ту­да «көп­теген дұрыс ойлар айт­қанын» тәптіштеді. Мә­селен, кедейлік тұзағы, әлеу­меттік-экономикалық реформалар және экономиканың олигополияға емес, халыққа ба­ғыт­талғаны туралы ұсыныс-ойларын жеткізді.

Баламалы жоспар жобасын «Байтақ» жасылдар партиясы да қолдады. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев ұлттық жоспарда осыдан бір жыл бұрын қабылданған еліміздің 2060 жылға дейінгі көміртегі бей­та­рап­тығына қол жеткізу стратегиясына басымдық беру­ді ұсынды.   

Бөлісу:
Сарапшылар даму жоспарына неге қарсы? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар