Төтенше жағдай
1 мин оқу 162

Құтқарушылар шетелдіктерге көмектесті

<p style="text-align: justify;">Қостанай құтқарушылары боранды &nbsp;күні автобус бұзылып, &nbsp;жолда қалған &nbsp;&nbsp;шетелдіктерді эвакуациялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Құтқарушылар шетелдіктерге көмектесті

«22 ақпанда Қостанай облысы Қарабалық ауылының маңында республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тас жолында Тәжікстан азаматтары мінген автобус қасат қарға кептеліп қалды. Автобустың бұзылуына дизельдік отынның қатып қалуы себеп болған. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері Қостанай облысының ЖАО, ПД және жол қызметімен бірлесе отырып, 55 адамды, оның ішінде 6 баланы жылыту пунктіне эвакуациялады», делінген ақпаратта.

Шетелдік азаматтар  қостанайлық құтқарушыларға алғыс айтты.

Бөлісу:
Құтқарушылар шетелдіктерге көмектесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар